Талдықорғандық мемлекеттік қызметкерлер сынақтан өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандық мемлекеттік қызметкерлер сынақтан өтіп жатыр

22.02.2017
Алматы облысында Б корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызы тестілеуден өтті. Жалпы, сынақ тапсыратын қызметкерлер саны 5700-ден асады. Арнайы жабдықталған залда күніне 200-ге жуық мемлекеттік қызметші тест тапсырып үлгереді.

Олардың 10 пайызы «өте жақсы» деген баға алса, 80 пайыздан астамы «тиімді» деген көрсеткіш көрсетуде. Ал, 7 пайыз қызметші «қанағаттанарлық» деген деңгейде қалып отыр. Бұл сынақ әр тұлғаның кәсіби біліктілігін бағалап, қызметтік баспалдақ бойынша өсуіне мүмкіндік береді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу