Бүгін Үкімет жиынында көктемгі су тасқынына қарсы іс-қимыл жоспары пысықталды. Биыл қар көп. Су тасу, елді мекендерді су басу қаупі бар. Сол үшін қазірден қамдануға тура келеді. Жиында арнайы техника мен жанармайдың жеткілікті болуы, су қоймаларының жағдайы және қаржы мәселесі айтылды.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ