Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметімен танысты. Аталған ұйымдағы мемлекеттік қызмет істері бюросының басшысы Катерина Кардава қазақстандық жүйені, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмысын оң бағалап, азаматтарға қызмет беру тәртібіне қызығушылық танытты.
Азамат НҰҒЫМАНОВ