Демалыс күндері үй тапсырмасы берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыс күндері үй тапсырмасы берілмейді

20.02.2017
Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы азаяды. Демалыс күндері тіпті берілмейді. Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осындай жаңалығымен бөлісті.

Төменгі палата депутаттары мұғалімдердің жалақысы аз, жұмысы көп екенін айтады. Бұл салаға қыруар қаржы бөлініп жатқанымен, олқылықтар жетеді. Тіпті Бекболат Тілеухан министрді жекпе-жекке шақырды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу