Елбасы кітапханасында «Астана – Қазақстан бірлігі мен Тәуелсіздігінің нышаны» атты экспозиция ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы кітапханасында «Астана – Қазақстан бірлігі мен Тәуелсіздігінің нышаны» атты экспозиция ашылды

18.02.2017
Елорданың Алматыдан Астанаға көшірілгеніне биыл - 20 жыл. Осыған орай Елбасы кітапханасында «Астана – Қазақстан бірлігі мен Тәуелсіздігінің нышаны» атты тұрақты экспозиция ашылды. Бұл экспозицияның Президенттің алғашқы резиденциясының «Алтын» залында орналасуында ерекше мән бар.

Өйткені, 1998 жылы жапондық Кисе Курокава ұсынған Астана құрылысының бас жоспары осында қабылданған. Сондай-ақ, елорданың тарихынан сыр шертетін басқа да жәдігерлер мен құжаттар қойылған.


Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу