Алматының Түрксіб ауданында ескі үйлер көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Түрксіб ауданында ескі үйлер көп

16.02.2017
Алматының Түрксіб ауданында 1927 жылы тұрғызылған тұрғын үйлер де бар. Бір емес екі қабатты көп пәтерлі баспанада адамдар өмір сүріп отыр.
2012 жылы ескі үйлерді сүріп, орнына жаңасын салу қолға алынды. Тек өткен 5 жылда 16 үй ғана пайдалануға берілген. Бұл – өте төмен көрсеткіш.

Бүгін Түрксіб ауданының әкімі халық алдында есеп берді. Жиында көтерілген негізгі мәселе де осы болды. Өйткені, Алматыдағы қирағалы тұрған тұрғын үйлердің 50 пайыздан астамы осы ауданда орналасқан.


Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу