Мемлекеттік қолдау аймақ медицинасын дамытуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қолдау аймақ медицинасын дамытуда

16.02.2017
Жамбыл облысында соңғы үш жылда мемлекеттік –жекеменшік әріптестік негізінде 3 бірдей медициналық орталық ашылды. Олар мемлекеттік тапсырыстың негізінде тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді. Мемлекеттің мұндай қолдауы тұрғындарға да, жеке клиникаларға да пайдасын тигізуде. Емдеу мен операция жасауға тұрғындар қалтасынан қаржы шығармайды, шығынның бәрін мемлекет көтереді.

Науқастар емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы келеді. Осы уақытқа дейін бұл орталықта 4 мыңнан астам операция жасалған.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу