Ауған соғысының ардагері Ләззат Саржанова Ұлттық арнаға сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған соғысының ардагері Ләззат Саржанова Ұлттық арнаға сұхбат берді

15.02.2017
Осыдан 28 жыл бұрын дәл осы күні Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылған болатын. Талай боздақтың өмірін қиған сол бір сұрапыл соғысқа қазақ қыздары да қатысып, ерлік көрсеткені - ақиқат. Жетісулық Ләззат Саржанова мейірбикенің оқуын бітірген соң, туған әпкесі екеуі «майдандағы жауынгерлерге көмегіміз тиіп қалар» деген ниетпен Ауғанстанға баруға бел буады. Қан майданда талай жауынгерді ажалдан арашалап қалған ардагердің басқа да айтылмаған сырларын әріптесіміз Қуаныш Қанатұлы тыңдап келді.

Хабарламаларға жазылу