Былтыр бруцеллез дертін жұқтырған адамдар саны 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейіп, 55-ке жеткен. Нақтырақ айтқанда, Атырау қаласында - 2, Қызылқоғада - 31, Индерде - 21 және Құрманғазы ауданында 1 ауру мал тіркелген. Бұл туралы Атырауда салалық мекеме басшылары бас қосқан жиында айтылды. Мәжілісте сарып дертімен күресудің проблемалық мәселелері көтеріліп, жауапты өкілдердің жұмысы сынға алынды.
Айдос ҚАРАБАЛА
Айдос ҚАРАБАЛА