Ардагерлерді алаңдатқан жолақы мәселесі шешілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлерді алаңдатқан жолақы мәселесі шешілмек

27.01.2017
II Дүниежүзілік соғыс ардагерлері алдағы уақытта пойыздарда тегін қатынау құқына ие болуы мүмкін. Біздің арнадан берілген кешегі сюжеттен кейін Қарағанды облысының әкімдігі құзырлы органдарға хат дайындап жатыр.

Естеріңізге салайық, қарағандылық майдангер Бүркіт Есжанов теміржолда тегін жүру мүмкіндігінен қағылдық деп Ұлттық арна тілшілеріне өкпе-назын жеткізген еді.

Расымен, қаржылық қиындықтарға қатысты бір жылдан бері ардагерлерді пойыздарда тасымалдау ақылы түрге көшіпті. Ал, оған дейін 31-мамырдан жыл соңына дейін тегін болып келген.

Хабарламаларға жазылу