Өскеменде алаяқ сот залынан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде алаяқ сот залынан босатылды

23.01.2017
Өскеменде өзін Ішкі істер органының қызметкерімін деп таныстырып, жұртты тақырға отырғызған қылмыскер сот залынан босап шықты. «Балаң төбелесіп жазықты болды, құтқарамын десең, қомақты қаржы бер», деген ол өзінің тұзағына түскендерді әл-ауқатына қарай бопсалаған. Құрығына көбінесе, зейнет жасындағы қариялар іліккен. 36 жастағы өскемендік осымен үшінші мәрте қылмысы үшін сот алдында жауап беруде.

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу