Қызылорда облысындағы Қалжан ахун ауылының тұрғындары ауызсуды үнемдеп пайдалануға мәжбүр. Себебі, ішер су күніне 4 сағат қана ағады. Яғни, сол сәтте қажетті суды жинап алуыңыз керек. Ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселені жұртшылық ауыл әкімінің биылғы есебінде де көтерді.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ