Әлем сарапшылары Астанада өтетін Сирия келіссөздеріне үлкен үміт артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем сарапшылары Астанада өтетін Сирия келіссөздеріне үлкен үміт артуда

21.01.2017
Сириядағы жанжалдасушы тараптар қаңтардың 23-де өтетін Астана процесіне дайындалып жатыр. Форумға Ресей, Түркия, Иран, БҰҰ өкілдерінің қатысатыны белгілі. Ал, АҚШ Астанадағы кездесуге шақырту алғанын растағанымен, өз өкілін жіберетіні не жібермейтіні белгісіз.

«Рейтердің» хабарлауынша, келіссөздерге президент Башар Асадқа қарсы оппозициялық «Сирия азат армиясы» мүшелері және Түркияның қолдауына сүйенген көтерілісші топ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу