Алматыда 300 кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 300 кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды

19.01.2017
2016 жылы 300 алматылық кәсіпкер мемлекеттік қаржылай қолдауға ие болды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 198 жобаға 15,3 млрд. теңге субсидия бөлінді. Ал, 77 жоба 794 млн. теңгені кепілдік ретінде алды.
Сондай-ақ, 31 кәсіпкерге 84 млн. теңге көлемінде грант табысталған. Жалпы, мегаполисте 2015 жылы несиелік портфель 6,2 млрд. теңгені құраса, ол 2016 жылы 78,8 млрд. теңгеге өскен.


Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу