Қарағанды облысына қарасты Абай қаласы тұрғындарының жылу құбырларын қаптап беруге қатысты талаптары орындалатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысына қарасты Абай қаласы тұрғындарының жылу құбырларын қаптап беруге қатысты талаптары орындалатын болды

19.01.2017
Мәселен, жылу қазандығынан қала ішіне тартылған құбырлар ашық-шашық күйде жатқан еді. Сөйтіп, үйге жеткенше сырттағы суықтан температура төмендеп кететін.

Осы орайда биыл жергілікті бюджеттен 25 миллион теңге, ал жылумен жабдықтаушы кәсіпорыннан 10 миллион теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құбырларды қаптап, жөнге келтіруге 460 миллион теңге қаражат қарастырылған. Бұл шағын шаһардағы жылу шығынын азайтуға үлкен сеп болмақ.


Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу