2016 жылы әкімдермен кездесуге 810 мың қазақстандық қатысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы әкімдермен кездесуге 810 мың қазақстандық қатысқан

16.01.2017
2013 жылы әкімдермен кездесуге 700 мың адам қатысса, 2016 жылғы көрсеткіш 810 мың тұрғынға жетті. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жұмыс орындарының қысқаруына жол берілмеді. Нәтижесінде, соңғы 4 жылда көтерілетін мәселелердің өзектілігі де өзгеріп отыр.

Бұрын халық арасында жұмысқа орналастыру мәселесі күн тәртібінде тұрса, сұрақтардың өзектілік реті өзгерді. Қазір тұрғын үй беру, тұрғын үй коммуналдық мәселелері, аумақтарды аббаттандыру, жол салу мен жөндеу халықты жиі мазалайтын тақырыптар.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу