Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысын замандастары пышақтап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысын замандастары пышақтап кеткен

12.01.2017
Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Бағжан Өскенбайды пышақтап кеткен – басқа мектепте оқитын өзінің қатарластары.

Зардап шегушінің айтуы бойынша, ата-анасы жұмыс істейтін дүкенде тұрған оны сыртқа шығарып алып, әлімжеттік жасаған. Онымен қоймай, сырт жағынан келіп, қас-қағым сәтте екі жерден пышақ салған.

Абырой болғанда, жеткіншек қашып үлгерген. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу