ШҚО-да жол жөндеушілердің жұмысынан былтыр 449 рет кемшілік анықталған. Материалдардың талапқа сай келмеуі немесе жұмыстың сапасыз орындалуы секілді оларға тағылған сын көп. Асфальт қалыңдығы да кей жерлерде ескерілмеген. Мұны білген бақылаушылар шалағайлық танытқан шаруаларға жалпы көлемі 20 миллионнан астам теңгенің жұмысын қайта жасатты. Тіпті, бір бетон өндіретін зауыттың жұмысы да уақытша тоқтатылған.
Жанболат САНИЯЗ
Жанболат САНИЯЗ