Атырау облысында порнографиялық сипаттағы сайттарға шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында порнографиялық сипаттағы сайттарға шектеу қойылды

10.01.2017
Атыраулық прокурорлар ғаламторға мониторинг жүргізу кезінде порнографиялық сипаттағы сайттарды анықтаған. Қауіптілігі сол - олар желілерде еркін таралған әрі кез келген адам оған еш кедергісіз кіре алатын болған. Мәселен, Қазақстан аумағында тыйым салынған бір ғана сайттың өзінде бірнеше әдепсіз ойын және 11 мыңнан астам порнографиялық бейнематериал жинақталған.

Осы орайда жергілікті прокуратура өкілдері аталған сайттарға шектеу қойып отыр.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу