Екі жыл бойына жалғасқан мүлікті жария ету шарасының қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 151 миллиард теңге қаржы заңдастырылды. Сондай-ақ, өңір тұрғындары құны 97 миллиард теңгенің мүлкін рәсімдеген.
Шара аясында бірқатар азаматтардың әлемнің 7 мемлекетіндегі дүние-мүлкі тіркеуге алынып, құжатқа түсті. Олардың шет елдердегі жылжымайтын мүліктері мен компаниялардағы үлестерінің құны 422 млн теңгеге бағаланған.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ