Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр 49 мектеп оқушысы жүкті болып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр 49 мектеп оқушысы жүкті болып қалған

05.01.2017
Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп қабырғасында жүріп, бесік тербеткен жасөспірім қыздардың қатары азаймай отыр. Былтыр өңірде 49 оқушы мектепте оқып жүріп жүкті болып қалған.

Ал, олардың 3-еуі аты жаман жұқпалы індетті де жұқтырып үлгерген. Бұл жайт прокурорлық тексеріс барысында анықталған. Қадағалаушы орган осы оқиғалардың барлығын сексуалды сипаттағы қылмыс ретінде тіркеуге алып, іс жүргізді.


Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу