Қарағанды облысының Шахан кентінің жұртшылығы апаттан қайтыс болғандарды ақтық сапарға шығарып салды. Жерлеу рәсімі кезінде тұрғындар жергілікті атқарушы билік пен Мәжіліске орталықтандырылған жылу қазандығын салып беру туралы талап-тілектерін білдірді. 9 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік апаттан қабырғасы қайысқан ел «жылу қазандығы салынғанда, мұндай орны толмас қаза болмас еді»,- деп күңіренеді.
Шахандықтардың айтуынша, елді мекенге орталықтандырылған жылу қазандығын саламыз деп билік тарапынан 2013 жылы уәде берілген. Алайда, бюджетте қаржының жоқтығынан мәселе шешілмей, осы күнге дейін созылып келген. Кенттегі 19 көпқабатты үйдің бәрі дербес қазандықтармен жылытылады. Олардың нақты құжаты, жауапты адамы жоқ.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ