Павлодар қаласында «Ертіс ырысы» атты жаңажылдық жәрмеңке өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласында «Ертіс ырысы» атты жаңажылдық жәрмеңке өтті

04.01.2017
Оған облыстағы өнім шығаратын ірі кәсіпорындардан бастап, шағын қожалықтар, фермерлер тегіс қатысты.

Өнім бағасы базарлар мен дүкендерге қарағанда әлдеқайда арзан. Мәселен, сиыр, қой, жылқы етінің әр келісі 300 теңгеге дейін төмен. Себебі, шаруалар орынға ақша төлемейді. Өздері өсірген малды еш делдалсыз тұтынушыға тікелей өткізеді.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық өнім түрлері шығарылды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу