Қарағандыда Жаңа жылдың басты кейіпкерлері –Аяз ата мен Ақшақар жергілікті полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті қадағалауға шықты. Жол қауіпсіздігін қатаң бақылаған ерекше топ бұл күні қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне ескерту жасағанымен, айыппұл салуға бармады. Керісінше, көпшілікке пайдалы сыйлықтар үлестірді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ