Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының шаруалары ала жаздай еткен еңбектері үшін мемлекеттен берілетін субсидия қаржысын толығымен ала алмай жүр. Өйткені, бастапқыда жоспарланған қаржы кейіннен қысқарып кеткен. Осыны сылтау еткен жергілікті билік қазір шаруларға тиесілі субсидияның тек 37 пайызын ғана беріп жатыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ