«Джексон-Вэник» түзетуі қашан күшін жояды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Джексон-Вэник» түзетуі қашан күшін жояды?

27.12.2016
«Джексон-Вэник» түзетуі дегенді естідіңіз бе? 1975 жылы АҚШ «Сауда туралы» заңына осындай атаумен түзету енгізеді. Оның басты мақсаты - нарықтық экономикаға көшпеген елдермен сауда-саттықты болдырмау, жеңілдетілген несиені бермеу және озық технологияларымен бөліспеу. Бір сөзбен айтқанда, «Джексон-Вэник» түзетуі экономикалық санкциямен тең. Сол себепті барлық елдер осы АҚШ пен арадағы «Джексон-Вэник» түзетуіндегі талаптардың болмауын қалайды. Әу баста, Кеңес одағына бағытталған заң кейін оның құрамында болған елдерге де сақталып қалды.

Ал, Қазақстан мен АҚШ арасында бұл түзету өз күшін әлі жойған жоқ. Осы мәселе Парламент Мәжілісінде көтерілді. Депутат «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Үкіметке арнайы сауал жолдады. «АҚШ-тың жаңа Президенті сайланды, енді ресми іске кіріскен сәтте осы түзетуді толығымен еңсеру керек», дейді.


Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу