Сирия жөніндегі келіссөздер қаңтарда Астанада өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия жөніндегі келіссөздер қаңтарда Астанада өтуі мүмкін

23.12.2016
Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздер қаңтардың ортасында Қазақстанда өтеді деп күтіліп отыр. Мұны бүгін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатиловтың мәлімдемесіне сілтеме жасап, «Интерфакс» хабарлады.

Алдағы кездесу Ресей, Иран және Түркияның қолдауымен ұйымдастырылмақ. Бірақ, Вашингтонның ойынша, бұл – АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ықпалының төмендегенін білдірмейді. Ал, Сирия армиясы мен оның жақтастары Алеппоны көтерілісшілерден толық босатқанын мерекелеп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу