Мемлекет ақшасы тағы да тиімсіз жұмсалды. 4 млрд теңге сөздің тура мағынасында құмға сіңген судай жоғалды. Осындай қыруар ақшаға құбыр тартылып, Оңтүстік Қазақстандағы Леңгір қаласына су әкелінген. Бірақ, оны адам түгіл төрт түлік те іше алмайды. Құрылысты жүргізген мердігер компанияның олақ әрекетінен Ленгр қаласындағы 27 мыңға тарта тұрғын әлі күнге құм аралас лай су ішіп отыр. Қазынаның қыруар қаржысы неге бұлай талан-таражға түсті?
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Ғани ҚАЛМАХАНОВ