Қарсы барлау қызметі және Дактилоскопиялық, геномдық тіркеу туралы заң жобалары бүгін Парламент Сенатында қабылданды. Бұл құжаттарды дайындауды Мемлекет басшысы күзде Парламент сессиясының ашылуында тапсырған болатын. Ондағы басты мақсат - ел ішіндегі қауіпсіздікті күшейту. Осы құжаттарға сәйкес, саусақ іздерінің таңбасы электронды түрде жеке куәліктерге енгізіледі. Бұл - барлық азаматтарға қойылатын бірдей талап. Бұдан бөлек, шетелден келетін азаматтар да саусақ іздерін қалдыруға міндеттеледі.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Ғабит ҰЗАҚБАЙ