Петропавл қаласында жабық мұз айдынының шатыры құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл қаласында жабық мұз айдынының шатыры құлады

20.12.2016
Қысы-жазы балалардың сүйікті орнына айналған мұз айдынында бұл кезде ешкім болмаған. Қазір шатырдың не себепті опырылып кеткені анықталып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 жыл бұрын қолданысқа берілген бұл нысан 15 млн. теңгеге салынған. Мұндай спорттық нысан қалада екеу. Тап осы кортта балалар қыста коньки теуіп, хоккей ойнаса, жазда волейбол, футбол, баскетбол және тенниспен шұғылданатын.

Хабарламаларға жазылу