Соңғы 5 жылда қазынадан 70 млрд. теңге қолды болып, шетел асырылған - Алик Шпекбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 5 жылда қазынадан 70 млрд. теңге қолды болып, шетел асырылған - Алик Шпекбаев

19.12.2016
Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, құзырлы орган өкілдері қазір бұл қаражаттың 20 пайызын елге қайтарды. Алайда, сол ақшаны ұрлаған шенеуніктердің өздерін Қазақстанға экстрадициялау жағы көңіл көншітпейді. Қазір 20 азаматқа халықаралық іздеу жарияланған.


Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу