Білім және ғылым саласы кәсіподағының өкілдері Тәуелсіздік декларациясын қолдайды. Бұл туралы Қостанайда өткен салтанатты жиында айтылды. Қазақстанның Білім және ғылым саласы кәсіподағының бүгінгі таңда 860 мың мүшесі бар. Оның 630 мыңы - осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер.
Кәсіподақ ұйымы бүгінде ұжымдық келісімдер жасау арқылы жергілікті атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде ұстаздар құқығын қорғап, әлеуметтік шиеленістің туындамауына ықпал етеді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК