«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға жіберілгендердің 155-і отанға қайтпаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға жіберілгендердің 155-і отанға қайтпаған

08.12.2016
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға жіберілгендердің 155-і отанға қайтпай, сол білім алған елдерінде қалып қойған. Олардың мемлекетке қарызы - 1,9 млрд теңге. Әзірге оның 500 млн теңгесі ғана қайтарылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Сонымен қатар, бағдарлама түлектерінің 15 пайызы ғана өңірлерде жұмыс істеп жатыр. Қалған 85 пайызы Астана мен Алматыда. Бұл мәселені шешу үшін болашақта степендиант өңірлерге барып еңбек етсе, онда 5 жыл емес, 3 жыл ғана жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін.



Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу