Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғыны Алмат Тұрсынов өз қаражатына бірнеше әлеуметтік нысан салып берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғыны Алмат Тұрсынов өз қаражатына бірнеше әлеуметтік нысан салып берген

02.12.2016
Қостанай облысы Қарасу ауданында тұратын Алмат Тұрсыновқа жерлестерінің берген бағасы -«Ауылына ажар берген азамат». Ол басқаратын шаруашылық соңғы 10 жылда әлеуметтік салаға 2 млрд теңге бөлген. Бұл қаржы әлеуметтік нысандар тұрғызып, тұрғын үйлер салуға жұмсалған.
Осылайша шаруашылық ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуды ерекше назарда ұстап келеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша алдағы жылы да әлеуметтік салаға 100 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.


Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу