Баспана кілттерін сарбаздарға Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов табыстады. Ол «Ұлт пен құқықтық қауіпсіздікке жауапты әскерилердің әлеуметтік жағдайы ұдайы назарда» деп, қызметте дараланған қызметкерлерді арнайы сый-сыяпаттармен марапаттады.