Заңсыз әрекеттері арқылы қылмыстық топ 50 мың доллардан астам пайда тапқан. Олар екі жыл бойы Өзбекстан азаматтарын шекарадан заңсыз өткізген. Қылмыстық топты құрған Загиуллинге 13 жыл берілсе, оның белсенді үш сыбайласы 12 жыл 6 айға, бірі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған үш қылмыскердің үш жылға дейін еркі шектеледі.
Рауан ДИӘЛИ