«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: Алтын белгі иегерлері ҰБТ-дан босатылмайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: Алтын белгі иегерлері ҰБТ-дан босатылмайды (ВИДЕО)

22.11.2016
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оның айтуынша, тесттегі сұрақтар саны қысқарды. Бұрын 125 болса, енді 120. Әрі кей сұрақтың 2 дұрыс нұсқасы бар. Оқушы қос дұрыс жауапты белгілеген жағдайда 2 ұпай жинайды. Жаңа форматтың тағы бір жаңалығы - бұдан-былай үздік оқушылардың алтын белгіні дәлелдеуге міндеттелмейтіндігі. Енді, бұл статусты түлекке өзі оқыған білім ордасы ғана береді.

Осы және өзге де ақпараттар туралы бүгін 17:30-да «KazNews» жаңалықтарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу