Бұл жайында бүгін «БАҚ-ты дамытудың заманауи құралдары» атты семинарда айтылды. Оған барлығы 300-ге жуық адам қатысты. Мақсаты – ақпарат құралдары қызметінің тиімділігін арттыру, өңірлердегі мемлекеттік органдардың БАҚ-пен қарым-қатынасын жақсарту үшін жаңа трендтермен, үлгілермен таныстыру. Семинарға арнайы ресейлік журналистер шақырылған. Семинар ертең де жалғасады.
Назерке АХМЕТОВА