Қазақ-чех кәсіпкерлері бірігіп жұмыс істеуге ынталы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-чех кәсіпкерлері бірігіп жұмыс істеуге ынталы

15.11.2016
Алматының жалпы ішкі өнімі соңғы 25 жылда 100 есе өскен. Мысалы, 1993 жылы қаланың ел экономикасындағы үлесі 10 пайыз болса, қазір 22 пайызға жеткен. Бұл туралы бүгін Чехияның Сыртқы істер министрімен кездескен Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты. Оның айтуынша, қаланың едәуір экономикалық өсіміне халықаралық кәсіпкерлік қатынастар оң әсер еткен. Солардың бірі - ірі мегаполисте жұмыс істейтін чехиялық кәсіпкерлер. Мысалы, қазір мұнда аталған елдің 24 компаниясының өкілдері еңбек етіп, кейбір салаларға инвестиция құйып жатыр.


Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу