Қызылорда облысында бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Атап айтқанда, бұған дейін Жаңақорған ауданы әкімінің қызметін атқарып келген Руслан Рүстемов облыс әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Руслан Рүстемов аймақтың идеология саласында еселі еңбек етіп келе жатқан азамат. Әр жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыстық тілдерді дамыту, ішкі саясат басқармасының басшысы секілді жауапты қызметтерді атқарған.
Осы күні облыс әкімі өндіріс, инвестициялық саясат, кәсіпкерлік және туризм салаларына жетекшілік жасайтын жаңадан тағайындалған орынбасары Евгений Кимді таныстырды.
Дереккөз: egemen.kz