Елімізде 10 мыңға жуық жұмысшы жалақыларын ала алмай жүр. Кәсіпорындар қызметкерлеріне 1,7 миллиард теңге қарыз. Жұмыс берушілердің айлық төлемеуінің басты себебі – қаржылық дағдарыс.
Экономикадағы қиындықтар бірқатар кәсіпорындардың жұмысын тежеп тұр. Өнімдеріне сұраныс, тапсырыс болмағандықтан, бұл мекемелердің табысы төмен. Тиісінше, жұмысшыларына жалақы бере алмай отыр. Берешегі бар кәсіпорындардың басым көпшілігі - өндірістік нысандар.
Ермек ЕЛБЕРГЕН