Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұратын зағип жандар табиғи таза жүннен керемет бұйымдар дайындайды. Олар мұндай шеберліктің қыр-сырын арнайы оқу курсында меңгеріп жатыр.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шапағатын көрген мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекке деген ықыласы да ерекше. Өйткені, мұндай игі бастама оларды қоғамның көлеңкесінен шығарып, көппен етене араласуларына септігін тигізіп отыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ