«Азбука жилья» компаниясынан қалған тоғыз проблемалы нысанның құрыысын жетеуін жаңа мердігер - «ОРДА Инжиниринг» компаниясы аяқтайды. Бұл туралы бүгін соңғы компанияның бас директоры Самат Оразбай мәлім етті.
С.Оразбайдың айтуынша, жеті нысанның құрылысына қажетті қаржы «Азбука жилья» компаниясынан қалған активтер мен бос жер телімдерінің есебінен салынады.
«ОРДА Инжиниринг» басқарушы компаниялары мен «Азбука жилья» компаниялар тобының арасында 2015 жылдың 20 қазанында келісім жасалды. Сол келісімге сай, «Азбука жилья» компаниялар тобы өз активтерінің қалғанын бізге қалдырды, себебі, осы активтер мен бос алаңдардың есебінен құрылысы бітпеген нысандардың бәрін аяқтап, үлескерлерге тапсыруымыз қажет. Мердігерлер алдындағы міндеттемені біз өз мойнымызға алдық», - деді «ОРДА Инжиниринг» компаниясының бас директоры Самат Оразбай.
Дегенмен, С.Оразбайдың айтуынша, «Азбука жилья» компаниясының барлық актвитері бұғауда тұр. «Тергеу аясында «Азбука жилья» компаниясының барлық активті бұғауға қойылған еді. Бірақ, бірнеше күн ішінде сот отырысы өтпек, сондықтан, бұл мәселе шешіледі деген ойдамыз. Біз компанияның проблемалы жеті тұрғын үйін салып аяқтаймыз. Бірақ, екі тұрғын үй кешені, атап айтсақ, «Expo Town» және «Expo City» нысандары қауқарлы болғаннан соң, құрылысты өзіміз аяқтаймыз деп шешті. Қалған жеті нысан біздің жауапкершілігімізде»,-деді С.Оразбай.