Әлемнің 40-қа жуық елін велосипедпен жүріп өткен веломарафоншы Түгелбек Қасымұлы Семейде болды.
Ол Алматы қаласының 1000 жылдығы мен бүкіләлемдік универсиаданы халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында жолға шыққан. Алматыдан Семейге келген Түгелбек Қасымұлының келесі бағыты - Павлодар арқылы Астана қаласына барып, Алматыға жол тарту.
Ержан ЖАҚЫП