Астанада жаңа терминологиялық сөздіктің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа терминологиялық сөздіктің тұсауы кесілді

24.06.2016
Астанада жаңа терминологиялық сөздіктің тұсауы кесілді

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде «Қаржы банк терминдерінің «орысша-қазақша-ағылшынша» сөздігінің тұсауы кесілді. Сөздікті жазуға 40-тан астам отандық ғалым 3 жылға жуық уақыт жұмсаған. 40 мыңға жуық термин мен ұғымды қамтыған жаңа жинақта экономика саласындағы кәсіби сөздер біріздендіріліп, көптеген терминдердің жаңа, өзекті баламалары берілген.

Сондай-ақ, қаржы саласының қызметкерлеріне қазақ тілін деңгейлеп оқытуға арналған оқулық та жарық көрді.

 

Жанкелді ҒАПБАСОВ

Хабарламаларға жазылу