30 шілдеден бастап Астанада электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 шілдеден бастап Астанада электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады

24.06.2016
30 шілдеден бастап Астанада электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады

Қазіргі кезде жеңілдікті және оқушыларға арналған көлік карталары тегін таратылып жатыр. 30 шілдеде «Astra Plat» электронды жүйесін іске қосу жоспарланған, деп жазады astana.gov.kz сайты.

«Астана LRT» ЖШС төлем жүйелері орталығының мәліметінше, бүгінде 44 мыңнан артық жеңілдікті және 68 мыңнан астам оқушыларға арналған көлік картасы берілген. Электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілетін кезеңде 1 маусым – 31 тамыз аралығында 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүреді. Бұл үшін әр бала автобуста атаулы көлік картасын немесе оқу орнынан берілген анықтаманы (фотосуреті бар) көрсетуге тиіс.

Қолданыстағы заңнаманың талабына сәйкес қала маңындағы автобустарда жол жүру барлық азаматтар, соның ішінде азаматтардың жеңілдікті санатына жататындар үшін де ақылы болып табылады. 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар үшін жолақының 50 пайыз төленеді.

Қала маңына қатынайтын жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін көлік аймақтарына бөлінген тарифтік желі енгізіледі. Мұндай унификация тарифтер түрін 25-тен 5-ке дейін қысқартуға, сондай-ақ, елді мекендер үшін жолақы құнын 97 пайызға, орта есеппен 44,5 теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді.

Атаулы көлік карталарын пайдаланатын жолаушылар басқа да артықшылықтарға ие. Олар қала маңына қатынайтын автобустардан қалалық және экспресс маршруттарға тегін ауысып отыра алады. Бұл ретте жолаушы қала маңына қатынайтын автобустан шыға берісте көлік картасын терминалға қоюы керек. Содан кейін кейін 60 минуттың ішінде экспресс маршрутқа немесе қалалық автобусқа отырады.

Заңнама талаптарына сәйкес, тегін жол жүру құқығы Астана қаласында тұратын азаматтардың жеңілдікті санатына жататын тұлғаларға беріледі.

Хабарламаларға жазылу