Елімізде халық саны бір жылда 255 мыңға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде халық саны бір жылда 255 мыңға артты

15.06.2016
Елімізде халық саны бір жылда 255 мыңға артты

2016 жылдың 1 мамыры бюойынша еліміздегі халық саны 17 753,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 10 129,0 мың (57%), ауылдықтар - 7 624,2 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 мамырға салыстырғанда халық саны 255,1 мың адамға немесе 1,46% өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылдың  қаңтар-сәуірде туылғандар саны 131,1 (2015 жылғы қаңтар-сәуірде - 127,0) мың адамды құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда 3,2%-ға көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 32% (34%), 29% (28%) және 19% (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,29 (22,02) туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны - 45,0 мың адам. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға 7,65-тен келедің.

2016 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2015 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 4,5 мың адамға немесе 5,5% көбейіп, 86,1 (81,6) мың адамды құрады.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 23,9% кеміп, 4 142 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 16,3% көбейіп, 7 663 адамды құрады, көші-қонның айырымы -3 521 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 73,5% және 88,1% құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 2015ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 17,6% азайып, 133 695 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,7% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (12 426 адам), Астана (16 адам) қалаларында және Павлодар (265 адам), Ақмола (249 адам), Қостанай (246 адам), Маңғыстау (196 адам), Атырау (190 адам) облыстарында қалыптасты.

Хабарламаларға жазылу