Жыл соңында дастарханымызға күріштің элит түрлері түседі. Қызылордалық шаруа аса жоғары бағаланатын, шығымдылығы жоғары «Лидер» және «Фаворит» тұқымдарына бет бұрды. «Төңкеріс» шаруа қожалығы биыл 1200 гектар жерге түрлі дәнді-дақылдар өсіруді қолға алып отыр. Бұл орайда сыр маржанының өнімділігін арттыруға ерекше мән берілген. Ол үшін Ресейден элиталық күріш сорттарының тұқымы әкелініп кәдеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, көлемді аумаққа жоңышқа өсіріліп, жердің құнарлылығын сақтауға да үлкен мән беріліп келеді.
Ә.СЕРІКҰЛЫ