Ақтөбеде жиһад жариялауды үгіттеген «имам» Сирия бағытынан болуы мүмкін - Қ.Қасымов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жиһад жариялауды үгіттеген «имам» Сирия бағытынан болуы мүмкін - Қ.Қасымов

14.06.2016
Ақтөбеде жиһад жариялауды үгіттеген «имам» Сирия бағытынан болуы мүмкін - Қ.Қасымов

ҚР ІІМ Ақтөбедегі лаңкестерге сириялық ықпалдың болғанын не болмағанын талдайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

«Лаңкестер пәтерлерінде жиналған кезде әлдебір «имам»  жиһадқа шығу жөнінде үндеу тастайды. Бұл имам Сирия бағытынан болуы мүмкін деген күдік бар. Тергеу барысында оны дәлелдеу қажет. Лаңкестікке дайындалған 45 адамның ішінен «жиһадқа» барудан бас тартқандар осыны айтуда», - деді министр.

Еске сала кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде 25 адам алдымен қару дүкеніне, кейін әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Оқиға салдарынан Ұлттық ұланның 3 әскери қызметшісі мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. 7 әскери қызметші мен 12 полицей жарақат алды. Қазіргі уақытта терактіге қатысқандардың барлығы ұсталды және кейбірінің көздері жойылды. Тергеу жүргізілуде.

Елде 40 күнге лаңкестік қауіпінің «сары» деңгейі белгіленді.

Бүгін министр хабарлағандай, лаңкестікке бастапқыда 45 адамнан тұратын топ дайындалған. Алайда, оның 20-ы кейін жиһадқа барудан бас тартқан.

 

Дереккөз: inform.kz

Хабарламаларға жазылу