Ақтөбеде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың жанұяларына 1 млн теңгеден төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың жанұяларына 1 млн теңгеден төленеді

07.06.2016
Ақтөбеде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың жанұяларына 1 млн теңгеден төленеді

Қаза тапқан ақтөбеліктердің жанұяларына 1 млн теңгеден бөлінеді. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруда кететін шығынды билік өз мойнына алды. Бұл туралы «Ақтөбе Ақпарат» ақпарат орталығынан хабарлады.

Олардың ішінде «Паллада» қару дүкенінің сатушысы 44 жастағы Андрей Максименко, «Күзет» қызметінің қызметкері 33 жастағы Мерхан Тәжібаевтың жанұясы, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко мен «Паллада» дүкеніне барған 35 жастағы Михаил Матросовтың отбасына төленеді. 

Бүгін Ақтөбеге барған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс әкімі лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың туыстарына көңіл айтты.

 

Хабарламаларға жазылу